DR ГАИТИ – КАРИБ АЙМАҒЫНЫҢ МАРГИНАЛ МЕМЛЕКЕТІ: МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛСІЗДІГІНІҢ ТАРИХИ ТАМЫРЛАРЫ МЕН КОНСТРУКТИВИСТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ
Haiti
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.60.2.017Кілт сөздер:
конструктивистік теория, мемлекеттің нәзіктігі, Гаити, адам құқықтары мәселелері, қауіпсіздік, КАРИКОМ, Кариб Теңізінің маргинал мемлекетіАннотация
Бұл мақалада Гаитидің қазіргі саяси және экономикалық мәселелері тарихи даму жолы мен халықаралық қатынастардағы конструктивизм теориясы тұрғысынан қарастырылады. Авторлар Гаитидің Кариб бассейніндегі және жаһандық жүйедегі шеттетілген жағдайын тек материалдық жетіспеушілікпен немесе басқару кемшіліктерімен түсіндіру жеткіліксіз екенін, бұл құбылыстың әлеуметтік тұрғыда қалыптасқан түсініктер мен тарихи нарративтер арқылы пайда болғанын алға тартады. Мақалада халықаралық нормалар, отаршыл мұралар және дискурстық тәжірибелер Гаитиді ерекше және жүйеден тыс мемлекет ретінде қалыптастыруға қалай әсер еткені талданады. Гаити революциясы, тәуелсіздік алғаннан кейінгі оқшаулау және шетелдік араласулар елдің ішкі тұрақсыздығы мен экономикалық әлсіздігі жөніндегі халықаралық көзқарасты күшейтті. Конструктивистік көзқарас негізінде бұл зерттеу идеялды күштердің – ұлттық болмыс, бедел мен легитимдіктің – Гаитидің ішкі басқару жүйесі мен халықаралық имиджін қалыптастырудағы рөлін ашады. Зерттеу нәтижесі халықаралық қауымдастықтың Гаитиге деген қатынасын қайта қарауды ұсынады, тек құрылымдық реформаларды емес, сонымен бірге қалыптасқан ғаламдық нарративтерді өзгерту қажеттігін атап көрсетеді.