ҚАЗАҚСТАН МЕН ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЕКІЖАҚТЫ ЖӘНЕ КӨПЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ДАМУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ БАҒЫТТАРЫ

Автор(лар)

  • Нағышбекқызы А. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Нурдавлетова С.М. Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті
  • профессор Пьер Шабаль Гавр Университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.61.3.010

Кілт сөздер:

Оңтүстік Шығыс Азия, Қазақстан, Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН), Еуразиялық экономикалық Одақ (ЕАЭО), инвестиция, сыртқы саясат, экономикалық байланыс, көпвекторлы саясат, халықаралық қатынастар

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы сыртқы саяси ынтымақтастықтың негізгі векторлары қарастырылады. Қазақстанмен тығыз байланысы бар, мүлдем байланысы жоқ және қарым-қатынасы мүмкін болатын елдер сараланып, олардың әрқайсысымен жасалған нормативтік шарттар мен келісімдер талданады. Сонымен қатар, тауар айналымы мен инвестиция деңгейі зерттеліп, осы бағыттағы серіктестікті кеңейтудің әлеуеті қарастырылады. Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы талданып, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен осы саладағы ықпалдастықтың мүмкіндіктері ұсынылады. Бұл зерттеу Қазақстанның аталған өңірдегі дипломатиялық стратегиясын тереңірек түсінуге және ынтымақтастықты нығайтуға арналған жолдарды ұсынуға бағытталған. Геосаяси, экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдету екіжақты қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етуде. ASEAN ұйымымен әріптестікті кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, инвестиция тарту және көлік-логистика инфрақұрылымын интеграциялау – екі тарап үшін өзара тиімді салалар болып табылады. Сонымен қатар, білім беру, туризм және мәдени алмасу да маңызды бағыттар ретінде айқындалады. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикалық әлеуеті олардың серіктестігін нығайтуға мүмкіндік береді. Мақалада аталған ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, даму үрдістері мен болашақ перспективалары көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның сыртқы саясатындағы бұл аймақтың маңызын айқындап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар, Қазақстанның ASEAN-мен серіктестігі аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға ықпал етеді. Мақалада қолданылған методология ретінде сапалық және салыстырмалы талдау әдістері таңдалды. Сапалық зерттеу арқылы Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы ресми құжаттар, халықаралық келісімдер, сараптамалық мақалалар мен статистикалық деректер жан-жақты талданды. Салыстырмалы талдау әдісі екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың даму динамикасын бағалауға, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық қатынастар теорияларына сүйене отырып әржақты ынтымақтастық аспектілері қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Қалыптасу сипаттамасы

Нағышбекқызы А., Нурдавлетова С.М., & Шабаль П. (2025). ҚАЗАҚСТАН МЕН ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЕКІЖАҚТЫ ЖӘНЕ КӨПЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ДАМУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ БАҒЫТТАРЫ. Хабаршы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы, 61(3). https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.61.3.010

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles