РОЛЬ РАЗВИВАЮЩИХСЯ СТРАН В НОВОМ РЕГИОНАЛИЗМЕ: СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ МОДЕЛЕЙ УЧАСТИЯ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.61.3.018Кілт сөздер:
новый регионализм, развивающиеся страны, интеграция, региональные организации, сравнительный анализ, международные отношенияАннотация
Бұл мақала дамушы елдердің жаңа аймақтық интеграциялық үдерістерге қатысу үлгілерін талдауға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты - әлемнің әртүрлі өңірлерінде: Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка құрлығы және Еуразиялық кеңістікте қалыптасқан интеграциялық модельдерді салыстырмалы түрде зерттеу болып табылады. Әрбір модельдің тарихи алғышарттары, институционалдық құрылымы, жаһандық үдерістерге тартылу деңгейі және сыртқы ықпалға төзімділігі сияқты сипаттары қарастырылады. Зерттеуде салыстырмалы талдау әдісімен қатар жүйелі және құрылымдық-функционалдық тәсілдер қолданылып, интеграция үрдістерінің саяси-экономикалық параметрлерін кешенді әрі жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.
Зерттеу барысында интеграциялық модельдердің маңызды айырмашылықтары айқындалды. Мысал ретінде, Латын Америкасындағы MERCOSUR сияқты бірлестіктер саяси үйлестіру мен сыртқы ықпалдан тәуелділікті азайтуға бағытталған. АСЕАН (Оңтүстік-Шығыс Азия Мемлекеттерінің қауымдастығы) моделі икемді құрылымымен және минималды институционализациясымен ерекшеленеді деп аталып өтілді. Африкадағы Оңтүстік Африканың Даму Қауымдастығы (ОАДК) сынды бастамаларда әлсіз мемлекеттік институттар жағдайында бейресми желілер мен азаматтық қоғамның рөлі арта түседі. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сияқты жобаларда геосаяси өлшем басымдыққа ие болып келеді.
Мақалада дамушы елдер үшін жаңа аймақтану тек экономикалық бірігудің құралы ғана емес, сонымен қатар саяси егемендікті нығайтудың, ішкі тұрақтылықты сақтаудың және аймақтық ынтымақтастықты күшейтудің тәсілі ретінде қарастырылып отыр. Мақалада әрбір модельдің ерекшеліктері мен көрсеткіштері аналитикалық кестеде жинақталған. Салыстырмалы талдау нәтижелері дамушы елдердегі жаңа аймақтанудың тұрақтылығы мен тиімділігін анықтайтын негізгі факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: институционалдық икемділіктің болуы, жергілікті шындыққа бейімделу, интеграция жөніндегі саяси ерік, мемлекеттік емес акторлардың қатысуы және ортақ мақсаттарды әзірлеу қабілеті.