ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 4-ШІ ТДМ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ - СЕРІКТЕСТІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕР

Автор(лар)

  • Калиева А.А. Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
  • Беймишева А. С. NARXOZ Университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.61.3.009

Кілт сөздер:

сапалы білім, Қазақстан, халықаралық ұйымдар, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк, ЭЫДҰ, ЮНИСЕФ, инклюзия, цифрландыру

Аннотация

Бұл зерттеу Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаты 4 (Сапалы білім беру) жүзеге асыруда халықаралық ұйымдардың ықпалын кешенді талдауға арналған. Актуалдығы білімнің XXI ғасырда әлеуметтік-экономикалық даму мен адами капиталды қалыптастырудағы стратегиялық мәнімен түсіндіріледі. Білім беру жүйесі жаһандану үдерістерінде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Қазақстан халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде БҰҰ, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк, ЭЫДҰ және ЮНИСЕФ секілді ұйымдардың қолдауына сүйене отырып, ұлттық білім беру саясатын жаңғыртуда.

Зерттеудің мақсаты – халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы білім беру реформаларына қосқан үлесін бағалау, олардың қаржылық, әдістемелік және сараптамалық қолдауының мазмұнын ашу, сонымен бірге ұлттық контексте кездесетін негізгі қиындықтарды айқындау.

Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу жүйелік, салыстырмалы, мазмұндық талдау және тарихи-талдамалық әдістерге негізделді. Зерттеу дереккөздері ретінде мемлекеттік бағдарламалар, халықаралық есептер (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк, ЭЫДҰ, ЮНИСЕФ), сондай-ақ салыстырмалы білім беру саласындағы ғылыми еңбектер пайдаланылды.

Ғылыми маңызы – жаһандық тәжірибелерді сын тұрғысынан зерделеу арқылы Қазақстанның білім беру саясатын жетілдіру жолдарын ұсыну. Практикалық маңызы – ауыл мен қала мектептері арасындағы теңсіздікті қысқарту, инклюзивті білім беруді дамыту, цифрлық инфрақұрылымды нығайту және халықаралық тәжірибені бейімдеу бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.

Нәтижелер көрсеткендей, Қазақстан халықаралық әріптестердің қолдауымен айтарлықтай прогреске жетті: жалпыға қолжетімділік қамтамасыз етілді, цифрландыру қарқынды дамуда, инклюзия бойынша құқықтық база жасалды. Алайда аймақтық теңсіздік, кадр тапшылығы және халықаралық үлгілерге шамадан тыс тәуелділік мәселелері шешілмей отыр. Осыған байланысты білім беру реформаларының орнықтылығы халықаралық тәжірибені ұлттық ерекшеліктерге бейімдеуге және ұлттық ғылыми әлеуетті арттыруға байланысты.

Қаржыландыру: Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (грант № АР19577392).

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles