СУ ФАКТОРЫ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Автор(лар)

  • Ахан Г.Т. Астана Халықаралық Университеті
  • Нұрсұлтанова Л.Н. Астана Халықаралық Университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.024

Кілт сөздер:

теория международных отношений, водный фактор, гидрополитика, водная дипломатия, водная безопасность, устойчивое развитие, международные отношения, сотрудничество, региональная стабильность

Аннотация

Мақалада халықаралық қатынастар саласында су факторы
рөлінің бәсекелік парадигмалар шеңберінде жалпылама сипатта көрініс
табады, сондай-ақ зерттеулер реалистік, либералдық, конструктивтік және
гибридтік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Мұндай теориялық әралуандылық
су факторы табиғатының бір мезетте стратегиялық ресурс ретінде және
институционалды серіктестіктің пәні ретінде көрініс табады. Су мынадай
терминдермен анықталады, мысалы, гидросаясат (су геосаясаты), су
дипломатиясы (су мәселесі бойынша екіжақты не көпжақты келіссөздер)
және су қауіпсіздігі (ресурстарды басқару мен мемлекеттік қауіпсіздік
мәселелеріне қатысты). Виртуалды су - халықаралық сауда арқылы су
ресурстарымен жанама алмасу секілді жаңа концециялар да қалыптасып
кеткен дәстүрлі ұғымдарды кеңейтеді де трансшекаралық ресурстарды
басқаруда сауда ағындарын тұрақтандыру үшін су дипломатиясы өзгеріске
ұшырайды. Зерттеу аймағы 1990 ж.бері бастау алған су мәселесі үшін
болған соғыстардан пайда болған даулы мәселелерден бүгінгі өркениетті
уақытқа дейін эволюцияға ұшырап, су қақтығыс емес, ынтымақтастық
құралы ретінде көрініс тауып келеді. Халықаралық қатынастарға судың
мәні біртекті сипатта ықпал етпейді, тек жүйелі түрде контекстке тәуелді
болады. Жаһандық деңгейде ұлы державалар арасында су проблемасы
қауіпсіздіктің дәстүрлі проблемаларынан қарағанда аса маңызды мәселе
ретінде қарастырыла бермейді және кейбір куәландырылған деректерге
сүйенсек, «алпауыт державалар арасында су конфронтация себебі болуы
екіталай» делінеді. Алайда аймақтық деңгейде ұсақ және орта деңгейлі
державалар үшін әсіресе орналасқан жері құрғақшылық басым аумақтарда – су мемлекеттік қауіпсіздікке, экономикалық дамуға және мемлекеттің
тұрақты өмір сүруіне аса маңызды ықпал етуші фактор болып табылады.
Су рөлін анықтаушы контекстік факторлар деп гидроклиматтық шарттарды
(су тапшылығын, құбылмалығын), әлеуметтік - экономикалық факторларды
(халықтың тығыз орналасуын, даму деңгейін), саяси факторларды (режимнің
түрін, институционалды потенциялын) және географиялық факторларды
(жағалау территориясындағы су бассейндерінің сипаттамасын) жатқызуға
болады. Берілген деректерге сүйенсек, түрлі теориялық концепциялар
су ресурстары динамикасының да әр түрлі аспектілерін анықтайды:
реализм стратегиялық құндылық пен биліктің ассиметриясы басымдық
алатын тәртіпті түсіндірсе, либерализм институттардың тиімділігі мен
ынтымақтастық модельдерінен хабар береді, ал конструктивизм су мәселесін
әлеуметтік сипат пен оның даму концепциялары тұрғысынан көрсетеді. 

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles