КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2021.43.1.002Кілт сөздер:
халықаралық туризм, Оңтүстік Корея, экономика, туристік индустрия, мәдениет, факторларАннотация
Қазіргі әлемде туризм көптеген елдерде экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылады. Туризм жыл сайын көптеген елдердің дамуының маңызды аспектісіне айналды. Бұл мақалада Оңтүстік Кореядағы туризм индустриясы қарастырылады, сонымен бірге болашақта туризмнің даму перспективалары талданалып, туризмді дамытудың негізгі факторлары қарастырылады.
Туристердің Оңтүстік Кореяға саяхаттау туралы шешім қабылдауының айқын себептерінен басқа (экзотикалық, барлық маусым, ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енген ескерткіштер, дамыған медициналық туризм), Оңтүстік Корея шетелдік туристер ағынын арттыру үшін барлық жағдай жасап жатыр. Бұл елдер арасындағы рейстердің артуы, қонақ үй салығын қайтару, дамыған инфрақұрылым және қауіпсіздік. Корея үкіметі елдегі беделін жақсарту үшін барлық ресурстарды пайдаланады.
Авторлар Кореяның экономикасында туризм шын мәнінде маңызды деген тұжырымға келеді, бұл мемлекеттің осы саланы дамытуға бағытталған саясатымен расталады, бұл елдің инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттырып, басқа елдерден туристер ағындарын ынталандырады, туристік инфрақұрылымның жаңа объектілерін және онымен байланысты салалардың инфрақұрылымын құруға, мемлекет кірісін ұлғайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.