ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ТӘРТІПТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: СЫРТҚЫ АКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ДИНАМИКА

Автор(лар)

  • Құрмашев Д.С. Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Құсаинова А.М. Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.016

Кілт сөздер:

Орталық Азия, аймақтық тәртіп, геосаяси тәртіп, ынтымақтастық, гегемония, сыртқы акторлар.

Аннотация

Мақала Орталық Азиядағы қазіргі геосаяси тәртіптің қалыптасу үдерісін талдауға арналған. Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанды қамтитын аймақ Еуразия құрлығының ортасында орналасқан стратегиялық географиялық жағдайына, табиғи ресурстарға бай болуына, транзиттік мүмкіндіктеріне және Шығыс пен Батысты байланыстыратын маңызды көпір ретіндегі рөліне байланысты халықаралық қатынастар жүйесінде ерекше орын алады. Бұл факторлар Орталық Азияны түрлі мемлекеттер мен халықаралық акторлардың экономикалық, саяси және көлік-логистикалық мүдделері тоғысатын маңызды кеңістікке айналдырады.Посткеңестік кезеңде Орталық Азия жетекші әлемдік державалардың өзара әрекеттесуі мен мүдделер бәсекелестігі орын алатын аймаққа айналды. Мақалада аймақтағы геосаяси тепе-теңдіктің қалыптасуына елеулі ықпал ететін негізгі сыртқы серіктестер ретінде Ресей мен Қытайдың рөліне ерекше назар аударылады. Зерттеуде Қытайдың экономикалық, инвестициялық және инфрақұрылымдық қатысуының күшеюіне, әсіресе «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында, сондай-ақ Ресейдің Орталық Азия мемлекеттерімен саяси, әскери және экономикалық ынтымақтастығының трансформациясына байланысты аймақтық өзара іс-қимыл құрылымындағы өзгерістер қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің геосаяси және экономикалық стратегияларына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері Орталық Азия мемлекеттерінің мемлекеттік егемендікті нығайтуға, сыртқы байланыстарды әртараптандыруға және жетекші сыртқы акторлардың мүдделері арасында теңгерім сақтауға бағытталған прагматикалық әрі көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуге ұмтылатынын көрсетеді. Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, институционалдық өзара әрекеттесу механизмдерін нығайту және өңірлік бастамаларды қалыптастыру Орталық Азияда неғұрлым тұрақты әрі теңгерімді геосаяси тәртіптің қалыптасуына ықпал етуі мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles