БЕЛСЕНДІ КИБЕРҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДЕТЕРРИТОРИАЛИЗАЦИЯ: ЖАПОНИЯДАҒЫ НОРМАТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ (2022–2025)

Автор(лар)

  • Кайролла А.Б. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • Абсаттаров Г.Р Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.002

Кілт сөздер:

Жапония, белсенді киберқорғаныс, қауіпсіздендіру, конституциялық детерриториалдау, нормативтік ерекшелік, 9-бап, Копенгаген мектебі, киберкеңістік, MirrorFace, технификация, латентті қауіпсіздендіру, Үнді-Тынық мұхиты аймағы

Аннотация

Киберқауіптердің үдеуі жағдайында критикалық инфрақұрылымды қорғау Үнді-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері үшін айрықша маңызға ие болды. 2025 жылғы мамырда Жапония Парламенті «Белсенді киберқорғаныс туралы» заңды қабылдады; бұл құжат үкіметке алғаш рет байланыс метадеректеріне алдын алу мониторингін жүргізу, шабуылдаушылардың инфрақұрылымына қашықтан қол жеткізу және шетелдік зиянды серверлерді бейтараптандыру өкілеттігін берді. Заңның қабылдануына Қытайдың MirrorFace тобы тарапынан бес жыл бойы жүргізілген кибертыңшылық науқаны негіз болды; аталған топ Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігіне және бірқатар саясаткерлерге қарсы 200-ден астам шабуыл ұйымдастырған. Бұл зерттеу аталған заңды қорғаныс өкілеттіктерінің жай ғана сызықтық кеңеюі емес, киберкеңістікті конституциялық шектеулерден тыс аймақ ретінде айқындайтын құрылымдық үзіліс  ретінде қарастырады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы заңды Копенгаген мектебінің «қауіпсіздендіру»  теориясы мен Хансен және Ниссенбаумның «киберқауіпсіздендіру» тұжырымдамасы аясында талдауында жатыр. Мақалада дискурс-талдау, процесс-трейсинг және заңның «төрт тірегін» салыстыру әдістері қолданылады. Нәтижелер көрсеткендей, қауіптің технификациясы саясиландырудан арылудың негізгі механизмі болып табылады. Бұл превентивті кибер-операцияларды формалды конституциялық реформасыз-ақ 9-баптың юрисдикциясынан шығаруға мүмкіндік беріп, өзге технологиялық салалардағы ұқсас процестер үшін прецедент қалыптастырады. Зерттеудің практикалық маңызы киберкеңістіктегі, автономды қару жүйелеріндегі және электромагниттік спектр операцияларындағы жаңа қауіпсіздік сын-тегеуріндерін талдауда қолданылатын конституциялық трансформация моделін анықтауында.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles