ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖҮЙЕСІНЕ САЯСИ МОРАЛЬДЫҢ ӘСЕРІ

Автор(лар)

  • Бақтығалиева Х.Б.1, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті, халықаралық қатынастар мамандығы Алматы, Қазақстан, e-mail: khadisha2397@gmail.com Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2021.43.1.006

Кілт сөздер:

саяси мораль, халықаралық қатынас, қауіпсіздік, сенім, саясат, адамгершілік

Аннотация

Бұл мақалада қазіргі кезеңде саяси моральдың халықаралық қатынастарға әсері жайында баяндалған. Этикалық және моральдық мәселелермен ауырланған қазіргі заманғы әлемнің сын-қатерлеріне неғұрлым лайықты жауап табуға тырысуда қоғамның қатысуы өте маңызды. Халықаралық  қатынастардағы  этикалық  пайымдардың    көбі    космополиттік    көзқарастан    пайда болады, ал біздің негізгі моральдық ойымыз – «адам» деген үлкен жауапкершіліктен  басталады,  яғни,  біздің  қайда, қандай  болсақ  та  адамзаттың алдында  белгілі  бір дәрежеде  моральдық  жауапкершілігіміздің  барын  білдіреді.  Бұл  ең  алдымен,  кез  келген  тұлғаға  этикалық  ұстанымнан  ада көзқараспен қараудың өткір себебі жоқ екенін аңғартады,  яғни  ешбір  адамды  өзге  адамнан  кем  көрмеу керек деген сөз.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-03-25

Жоба

Раздел

Мақалалар