ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІН АЙМАҚТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Кабдолда А.К. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.018

Кілт сөздер:

Орталық Азия, аймақтану, әлеуметтік-мәдени туризм, гуманитарлық ықпалдасу, шекарааралық сапарлар, мәдени мұра, Ұлы Жібек жолы, аймақтық бірегейлік

Аннотация

Мақала Орталық Азиядағы туризмнің әлеуметтік-мәдени аспектілерін аймақтанулық тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі аймақта туризмнің тек экономикалық сала ретінде ғана емес, гуманитарлық өзара ықпалдастыққа, елдердің символдық жақындасуына және ортақ әлеуметтік-мәдени кеңістіктің қалыптасуына ықпал ететін фактор ретінде маңызының артуымен байланысты. Мемлекетаралық ынтымақтастықтың жандануы және аймақтық интеграцияның жаңа үлгілерін іздестіру жағдайында туризм мәдени мұраны, тарихи жадты және аймақтың ортақ бейнелерін танытатын маңызды тетікке айналып отыр. Соған қарамастан, Орталық Азиядағы туризмнің әлеуметтік-мәдени өлшемі және оның аймақтанулық зерттеулер үшін маңызы әлі де жеткілікті деңгейде жүйеленбеген.

Зерттеудің теориялық негізін Дж. Урри мен Дж. Ларсеннің «туристік көзқарас» тұжырымдамасы, Н. Салазардың «туристік бейнелер» ұстанымы, Г. Ричардстың мәдени туризмге берген түсіндірмесі, сондай-ақ Д. Тимоти мен Г. Ньяупаненің мәдени мұраны әлеуметтік және институционалдық тұрғыдан қалыптасатын санат ретінде қарастыратын көзқарастары құрайды.

Мақаланың мақсаты – Орталық Азиядағы туризмнің әлеуметтік-мәдени аспектілерін талдау және олардың аймақтық өзара іс-қимыл мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастық үдерістеріндегі рөлін айқындау. Зерттеуде трансшекаралық туристік маршруттар қарастырылады. Сонымен қатар ынтымақтастықтың институционалдық тетіктері мен мәдени мұраны таныстыру және ілгерілету тәжірибелері талданады. Сондай-ақ Орталық Азияны өзара байланысқан мәдени-тарихи кеңістік ретінде қабылдауға ықпал ететін факторларға назар аударылады.

Зерттеу нәтижелері Орталық Азиядағы туризмнің жай ғана қызмет көрсету саласы емес, аймақ туралы ортақ түсінікті қалыптастыратын әлеуметтік-мәдени құбылыс екенін көрсетті. Трансшекаралық маршруттардың, тарихи Жібек жолымен байланысты мәдени кластерлердің дамуы, көлік-логистикалық байланыстардың нығаюы және институционалдық өзара іс-қимылдың күшеюі Орталық Азияны біртұтас кеңістік ретінде қабылдауға ықпал етеді. Туризм мәдени байланыстарды күшейтеді, ортақ мұраны өзектендіреді және өңірлік жақындасуға алғышарт қалыптастырады.

Мақаланың теориялық маңыздылығы туризмді аймақтану аясында әлеуметтік-мәдени тұрғыдан талдау мүмкіндігін кеңейтумен айқындалады. Практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін трансшекаралық маршруттарды әзірлеуде, туристік бастамаларды бағалауда және Орталық Азия елдерінің мәдени мұрасын ілгерілету тетіктерін жетілдіруде қолдану мүмкіндігімен сипатталады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles