ЖАПОНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТ СТРАТЕГИЯСЫ АҚШ ПЕН ҚЫТАЙ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ ЖАҒДАЙЫНДА: ҮНДІ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ АЙМАҒЫНЫҢ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ

Автор(лар)

  • Қабидолла Т.М. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • Султанбаева Г.С. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.005

Кілт сөздер:

жаңа әлемдік тәртіп, Жапония, АҚШ, Қытай Халық Республикасы, Үнді-Тынық мұхиты аймағы, халықаралық қатынастар жүйесі, державалардың мүдделері, идеологиялық негіз, геосаяси тепе-теңдік, заманауи сын-қатерлер, одақтар

Аннотация

Аңдатпа. Жапония мемлекеті бірегей тарихи жолдан өтіп, бұрын-соңды болмаған геосаяси жағдайларға тап болды. Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы АҚШ-тың негізгі одақтасы бола отырып, Жапония бір жағынан Шығыс Азиядағы басты ойыншы – Қытай Халық Республикасымен экономикалық және сауда қатынастарын сақтай отырып, екінші жағынан Тайваньмен ынтымақтастық орнату арқылы аймақтағы тепе-теңдікті ұстап тұруға ұмтылады. Тайвань өз кезегінде қауіпсіздік мәселесінде Жапония мен АҚШ-қа арқа сүйейді. Алайда бұл қатынастар бірмәнді емес, себебі одақ шеңберінде XXI ғасырдың негізгі ресурсы – жартылай өткізгіштер өнеркәсібі үшін жасырын экономикалық бәсекелестік байқалады. Дәл осы фактор аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі басты кедергілердің бірі болып отыр, ал саяси аспектілер екінші кезекке ысырылуда. Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы қазіргі тұрақсыздық толқыны аймақтық күштер тепе-теңдігіне қосымша қысым түсіріп, АҚШ-тың жаһандық жетекші держава ретіндегі рөлін сақтау қабілетіне қатысты сұрақтарды күшейтуде.

Зерттеудің негізгі мақсаты – геосаяси тұрақсыздықтың, соның ішінде Таяу Шығыстағы шиеленістер мен АҚШ-тың қақтығыстарға қатысуының Жапонияның стратегиялық басымдықтарының трансформациясына ықпалын анықтау болып табылады. Үнді-Тынық мұхиты аймағы бәсекелестіктің негізгі кеңістігі ретінде қарастырылып, Жапонияның экономикалық және валюталық бағдарларының өзгеру мүмкіндіктері талданады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Жапонияның сыртқы саяси басымдықтарының өзгеруін кешенді талдауда көрінеді. Әдіснамалық негіз ретінде жалпы ғылыми талдау әдістері қолданылып, Жапонияның геосаяси стратегиясын зерттеудегі теориялық тәсілдерді жүйелеу және оның аймақтық статус-квоға ықпал ететін негізгі факторларды анықтау жүзеге асырылды.

 

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Қалыптасу сипаттамасы

Кабидоллаев Т.М., & Султанбаева Г.С. (2026). ЖАПОНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТ СТРАТЕГИЯСЫ АҚШ ПЕН ҚЫТАЙ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ ЖАҒДАЙЫНДА: ҮНДІ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ АЙМАҒЫНЫҢ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ. Хабаршы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы, 65(3). https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.005

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles