ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛУЫНЫҢ САЛДАРЫ (АУҒАН БЕЙБІТШІЛІК ПРОЦЕСІ)

Автор(лар)

  • Хамиди Салахуддин1, Халықаралық қатынастар мамандығының 2 курс магистранты Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Ауғанстан Республикасы, salahuddinhamidi1919@gmail.com, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
  • Абжапарова Л. Ж.2, ассоц. профессор, PhD Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы, Қазақстан, Abzhaparova.l@ablaikhan.kz Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2021.43.1.007%20

Кілт сөздер:

АҚШ, Ауғанстан Ислам Республикасы, НАТО, бейбітшілік процесі, Ислам мемлекеті, терроризм

Аннотация

Бұл мақала халықаралық күштердің Ауғанстаннан толық көлемде шығарылуының салдарына, сондай-ақ көмек көрсетуді тоқтатуға арналған. Осыған байланысты бұл жұмыстың мақсаты Ауғанстандағы халықаралық күштердің қатысуының маңыздылығын анықтау болып табылады. Біз сондай-ақ халықаралық күштер шығарылғаннан кейін Ауғанстан қайтадан террористердің баспанасына айналуы мүмкін және бұл ауғандықтар мен бүкіл аймақ үшін олардың дамуына үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін ескере отырып, елдің мүмкін болатын болашағына жасалған талдауды ұсынғымыз келеді.

Ауғанстандағы халықаралық күштердің 19 жыл ішінде Ауғанстандағы қауіпсіздік саласындағы ахуал және саяси проблемалар жақсарған жоқ, керісінше нашарлады. Бейбітшілік процесінің басталуымен және халықаралық әскерлердің Ауғанстаннан толық шығарылуымен және олардың үкіметпен және Ауған ұлттық армиясымен әскери және қаржылық ынтымақтастығының тоқтатылуымен Ауғанстан үкіметі аймақ пен әлемге үлкен қауіп төндіретін "Талибан" экстремистік қозғалысының салдарынан қайтадан құлдырауы мүмкін деп айтуға болады. 

Жүктеулер

Жарияланған

2021-03-25

Жоба

Раздел

Мақалалар