ПАВЛОДАР ЖӘНЕ ОМБЫ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ПАРАДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.007Кілт сөздер:
парадипломатия, субұлттық акторлар, Омбы облысы, Павлодар облысы, форумдар, келісімдерАннотация
Парадипломатия қазіргі геосаяси және геоэкономикалық
сын-қатерлер жағдайында субұлттық акторлардың сыртқы саясат
жүргізу тәжірибесі ретінде халықаралық қатынастардағы маңызды
құбылысқа айналуда. Халықаралық ынтымақтастықтың қатысушылары
болып табылатын субұлттық акторлар өз қызметін ұлттық заңнама
шеңберінде жүзеге асырады. Мақалада Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясының орталық үкіметтері жүргізіп отырған саясатты
толықтыратын Омбы және Павлодар облыстарының парадипломатиясы
талданады. Екі өңірдің экономикалық саладағы өзара іс-қимыл тәжірибесі
мен халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету тетіктері қарастырылады.
Теориялық негіз ретінде И. Духачек, П. Солдатос, С. Пакуин және басқа
да жетекші ғалымдардың парадипломатияға қатысты тұжырымдамалары
пайдаланылды. Зерттеуде сандық және сапалық әдістер, сондай-ақ контентталдау қолданылды. Зерттеу дереккөздері ретінде Павлодар облысының
мемлекеттік архивінің құжаттары, парадипломатия мәселелеріне арналған
монографиялар мен ғылыми мақалалар, мерзімді басылым материалдары
пайдаланылды. Мақалада өнеркәсіптік даму деңгейлері шамалас екі
өңірдің жергілікті билік органдарының өзара сапарлар, консультациялар
және бизнес қауымдастықтармен кездесулер ұйымдастыру арқылы
парадипломатияны дамытудағы белсенді рөлі көрсетілген. Сондай-ақ
олардың парадипломатиялық әлеуеті мен кездесетін ішкі мәселелері ашып көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері екі өңірдің өз мемлекеттерінің стратегиялық
даму бағыттарына кіріктірілген бола отырып, үйлестірілген іс-қимылдар
арқылы парадипломатияны ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын
дәлелдейді. Ұсынылған ұсынымдар екі өңірдің парадипломатиялық қызметін
жетілдіруге, соның ішінде өнеркәсіптік кооперацияны жандандыруға
бағытталған.




