ГАЗАДАҒЫ СОҒЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ КӨШІРУ ДИСКУРСЫ

Автор(лар)

  • Жұматай Ғ.Б. Нархоз Университеті
  • Ысқақ А.С. Нархоз Университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.008

Кілт сөздер:

Палестина, Израиль, Газа, палестиналықтар, тұрғындарды көшіру, этникалық тазарту, соғыс, Трамп жоспары

Аннотация

Бұл мақалада Израильдің Газадағы соғысы және сионизмнің «тұрғындарды көшіру» дискурсының тамырлары және оның Израиль қоғамындағы қазіргі уақытта қолданылуы зерттеліп, талданады.
Зерттеу еңбектері мен дереккөздерге сүйене отырып және дискурстық талдау әдісін пайдалана отырып, бұл мақалада «тұрғындарды көшіру» немесе «этникалық тазарту» дискурсы Израиль режимінің 1948 жылдан бері Палестина халқына қатысты саясатында қалай қолданғанын қарастырады. Бұл мақала байырғы халықты құрылымдық шеттету концепциясы мен «тұрғындарды көшіру» дискурсына сүйене отырып сионистердің тарихи Палестинада еврей мемлекетін құру үшін бұл аймақтың байырғы халқын шеттету және ығыстыру саясатының мәнін тереңірек түсінуді көздейді.
Зерттеу Палестинаның байырғы тұрғындарын қуып жіберу әрқашан сионистік израильдік отарлау жобасының ажырамас бөлігі болған және палестин қоғамын жою мен палестиналықтарды өз елінен ығыстырып шығару Израильдің Газадағы қазіргі әскери агрессиясының қозғаушы күші болып табылады деген тұжырымды алға тартады.
Зерттеудің нәтижелері 2023 жылдың қазанынан бері Израильдің Газадағы әскери агрессиясы мен оның жергілікті халықты қуып жіберу әрекеттері кездейсоқтық емес, керісінше сионистердің дәстүрлі этникалық тазалау дискурсының айқын белгісі екенін көрсетті. Қазіргі кезеңдегі Израильдің Газадағы палестиндіктерді бұл өңірден қуып жіберу саясатын АҚШ пен өзге Батыс елдері жан-жақты қолдап отыруы да бұл зерттеудің ерекшелігі мен маңызын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles