МИГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.025Кілт сөздер:
цифрландыру, көші-қонды реттеу, цифрлық мемлекеттік басқару, биометриялық технологиялар, халықаралық стандарттар, көші-қон деректері, жасанды интеллект, электрондық визалар, ақпараттық жүйелер, киберқауіпсіздікАннотация
Бұл мақалада көші-қон саясатын цифрлық
трансформациялаудың теориялық және әдіснамалық негіздері
қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі мемлекеттік басқаруды цифрландыру
үдерісінің жеделдеуімен және жаһандық ақпараттық орта жағдайында көші-
қон ағындарын реттеу тетіктерінің өзгеруімен айқындалады. Зерттеудің
мақсаты – цифрлық технологиялардың ықпалымен көші-қон саясатының
трансформациясын түсіндіретін негізгі теориялық тәсілдерді кешенді түрде
талдау.
Әдіснамалық негіз ретінде жүйелік, институционалдық,
салыстырмалы және дискурстық тәсілдер қолданылды. Мақалада цифрлық
мемлекет, электрондық басқару, секьюритизация, желілік қоғам, Big Data
және алгоритмдік басқару тұжырымдамалары, сондай-ақ халықаралық
қатынастардың классикалық парадигмалары – реализм мен конструктивизм
қарастырылады.
Зерттеу нәтижесінде көші-қон саясатының цифрлық трансформациясы
мемлекеттің институционалдық құрылымына, шешім қабылдау
технологияларына және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл
нысандарына әсер ететін көпқырлы үдеріс екені анықталды. Цифрландыру
көші-қон үдерістерін басқару мүмкіндіктерін күшейтіп, әкімшілік
рәсімдердің тиімділігін арттыратыны және сонымен қатар қауіпсіздік
тетіктерін өзгертетіні көрсетілді.
Көші-қонды басқаруды цифрландыруды тұтас түсіну үшін әртүрлі
теориялық тәсілдерді ықпалдастыру қажеттілігі туралы қорытынды
жасалды. Зерттеу қазіргі мемлекеттердің цифрлық технологиялар арқылы
көші-қонды басқару жүйесін қалай қайта құрып жатқанын пәнаралық
тұрғыдан түсінуге үлес қосады және академиялық зерттеулер мен саяси
талдауларда қолдануға болатын синтезделген теориялық негіз ұсынады.




