ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ РЕПАТРИАНТТАРДЫҢ (ҚАНДАСТАР) ИНТЕГРАЦИЯСЫ (ӘЛЕУМЕТТІК- АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША)

Автор(лар)

  • Шакеева Б.Р. Тұран Университеті
  • Асхат Г. Тұран Университеті
  • Айтымбетов Н.Ы. ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Жұмабайұлы Н. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.009

Кілт сөздер:

Репатриация, қандастар, интеграция, мойындау, ұлттық бірегейлік, Қазақстан, миграция

Аннотация

Мақалада этникалық репатрианттардың (қандастардың) қазақстандық қоғамға интеграциялану үдерісі әлеуметтік мойындау және бірегейлену мәселелері контексінде қарастырылады. Зерттеудің алға қойған мақсаты этникалық репатрианттардың тарихи отанына қоныс аударғаннан кейінгі әлеуметтік бейімделу ерекшеліктерін талдау және қабылдаушы қоғам тарапынан мойындалудың интеграциялық үдерістерге ықпалын анықтау. Қазақстанда қандастарды қабылдауға бағытталған мемлекеттік саясат ұзақмерзімді институционалдық қолдау тетіктерін, құқықтық мәртебе беру шараларын және әлеуметтік жеңілдіктер жүйесін қамтығанымен, жүргізілген зерттеу нәтижелері формалды интеграциялық механизмдердің этникалық репатрианттардың қоғамдық ортаға толыққанды бейімделуін әрдайым қамтамасыз ете бермейтіндігін көрсетеді.

Зерттеу 2023-2025 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде жүргізілген сапалық антропологиялық-әлеуметтанулық зерттеу материалдарына негізделеді. Эмпирикалық деректер Алматы облысы Есік қаласы, Шығыс-Қазақстан облысы Шығыс ауылы және Солтүстік-Қазақстан облысы Сергеевка ауданы орталығында тұратын қандастармен жүргізілген отыздан астам нарративті-биографиялық сұхбаттар негізінде жинақталды. Талдау барысында респонденттердің көші-қон тәжірибелері, әлеуметтік бейімделу үдерістері, күнделікті коммуникациялық өзара әрекеттесу ерекшеліктері және қабылдаушы орта тарапынан мойындалуға қатысты субъективті түсініктері қарастырылды.

Зерттеудің теориялық негізі ретінде Аксель Хоннеттің мойындау теориясы қолданылды. Ұсынылған тәсіл интеграцияны құқықтық мәртебемен шектелмейтін, эмоциялық қабылдауды, әлеуметтік бағалауды және қоғамның ажырамас бөлігі сезімін қамтитын көпқырлы әлеуметтік үрдіс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері институционалдық интеграция мен күнделікті әлеуметтік мойындалу арасында тұрақты алшақтықтың сақталатынын және мұндай жағдайлардың этникалық репатрианттардың әлеуметтік оқшаулану тәуекелдерін күшейтуі мүмкін екенін көрсетті. Авторлар этникалық репатрианттардың табысты интеграциясы институционалдық қолдау шараларын жетілдірумен қатар, әлеуметтік мойындауды күшейтетін және қандастарды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қабылдауға негізделген диалогтік кеңістікті қалыптастыруды қажет деген қорытынды жасайды.

Қаржыландыру: Ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрлігі тарапынан 2026-2028 жылдарға арналған
іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды
қаржыландыру мақсатында BR31714927 «Қазақстандық динамиканың
социеталды контекстіндегі көпқырлы бірегейлік пен қоғамдық консенсус:
гибридті сын-қатерлер жағдайында азаматтық бірлік модельдерін іздеу»
бағдарламасы аясында дайындалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Қалыптасу сипаттамасы

Шакеева Б.Р., Асхат Г., Айтымбетов Н.Ы., & Жұмабайұлы Н. (2026). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ РЕПАТРИАНТТАРДЫҢ (ҚАНДАСТАР) ИНТЕГРАЦИЯСЫ (ӘЛЕУМЕТТІК- АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША). Хабаршы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы, 64(2). https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.009

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles