ЖАПОНИЯНЫҢ QUAD-ТАҒЫ РӨЛІ: БАСТАМАШЫДАН СӘУЛЕТШІГЕ ДЕЙІН

Автор(лар)

  • Абизова М.И. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.010

Кілт сөздер:

Жапония, QUAD, Үнді-Тынық мұхиты аймағы, FOIP, тактикалық хеджирлеу, минилатерализм, аймақтық тәртіп, АҚШ, Қытай

Аннотация

Мақалада 2004 жылдан бастап Қауіпсіздік жөніндегі төртжақты диалогтың (QUAD) құрылуы мен эволюциясындағы Жапонияның рөлі талданады. АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестіктің күшеюі жағдайында QUAD Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы негізгі минилатералдық форматтардың біріне айналды. Қолданыстағы зерттеулердің көпшілігінде Жапония бұл бірлестіктің төрт қатысушысының бірі ретінде ғана қарастырылады, ал формат эволюциясының барлық кезеңдеріндегі жапондық стратегиялық көшбасшылықты жүйелі талдау әлі толық аяқталмаған.

Зерттеудің мақсаты – QUAD дамуының үш кезеңінің (1.0, 2.0, 3.0) әрқайсысындағы Жапонияның рөлін реконструкциялау және Жапонияны аймақтық тәртіптің стратегиялық сәулетшісі ретінде сипаттауды негіздеу.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы орта державалардың аймақтық қауіпсіздік институттарын қалыптастырудағы мүмкіндіктері туралы түсініктерді нақтылаумен байланысты. Практикалық маңыздылығы алынған қорытындылардың ұлы және орта державалардың Үнді-Тынық мұхиты стратегияларын талдауға, сондай-ақ минилатералдық форматтардың дамуын болжауға қолданылуымен айқындалады.

Зерттеудің әдіснамалық негізін кейс-стади, тарихи-генетикалық әдіс және кезеңдеу, процессуалдық қадағалау әдісі (process tracing), салыстырмалы талдау және бастапқы дереккөздердің контент-талдауы құрайды.

Негізгі нәтижелер Жапонияның QUAD шеңберінде сапалық жағынан әртүрлі, бірақ өзара байланысты функцияларды дәйекті түрде атқарғанын көрсетеді: тұжырымдамалық бастамашы (2004-2008 жылдар), «тактикалық хеджирлеу» құралын пайдаланған стратегиялық сәулетші (2012-2020 жылдар) және кеңейтілген әскери емес күн тәртібін бірлесіп институттандырушы (2021 жылдан бастап).

Жүргізілген зерттеудің құндылығы реализм мен конструктивизм сияқты теориялық шеңберлерді синтездеуде, сондай-ақ соңғы ағылшын, орыс және қытай тілдеріндегі жарияланымдарды талдауда көрініс табады.

Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы оларды Үнді-Тынық мұхиты аймағының қауіпсіздік мәселелері және орта державалардың стратегиялары бойынша аналитикалық және білім беру материалдарын дайындауда қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles