АБЫЛАЙ ХАН ШЕТЕЛДІК ТАРИХНАМАДА
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2021.44.2.005Кілт сөздер:
қазақтар, Абылай хан, Жоңғар хандығы, Әмірсана, екіұштылықАннотация
Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамасы алуан түрлі, оған ғылыми мерзімді басылымдарда жарық көрген, әлі зерттелмеген құжаттар да жатады мысалы, XIX ғ. соңында француз шығыстанушысы К. Эмбо-Юар Лион университетінде қорғалған «Си Ю Ту Чеден аударылған Орта Азия халықтары туралы географиялық және тарихи жазбалар». Бұл диссертацияда Абылай хан туралы мақаланың шағын бөлігі талданған. Қазақстанның шетелдік тарихнамасындағы, әсіресе Абылай ханның басқаруымен байланысты XVIII ғасырдағы жаңа материалдарды анықтау жөніндегі зерттеулер жалғастырылуы тиіс екендігі атап өтілді. Жаңа материалдар тіліне қарамастан аударылып, егжей-тегжейлі зерделеніп, ғылыми айналымға енгізілуі тиіс. Алдыңғы зерттеулермен салыстырмалы зерттеулер әртүрлі авторлардың зерттеулерінде жалпы және ерекше болып табылады.