МОҢҒОЛИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2021.44.2.011Кілт сөздер:
Моңғолия, журналистика, тарих, даму, мәселелерАннотация
Мақалада Моңғолияның журналистика саласының даму тарихына талдау жасалып, онымен қатар заманауи журналистиканың ерекшеліктерін айқындап көрсеткен. Заманауи Моңғолия журналистикасында болып жатқан өзекті мәселелерді талдап көрсеткен.
Бұл мақаланың өзектілігі 1990-жылдан кейінгі Моңғолия журналистикасының даму ерекшеліктері мен көкейтесті мəселелерін БАҚ-тың қазіргі практикалық қызметі, авторлардың осы салада жүргізген зерттеулерінің қортындысына, нақты мысалдар мен деректерге сүйене отырып анықтауға бағытталған.
Мақалада автор Моңғолия журналистикасы либертарлық журналистикадан жауапты, этикалы журналистикаға қарай нақты қадам жасай бастағанын сипаттайды. Бірақ шешімін таппай жатқан мəселелер аз еместігін де қозғаған.
Моңғолия журналистикасы бір ғасырдан астам уақыттағы дамысының дəстүрлерін нақты деңгейде ұстанып, оны жаңа заманның өзгеріс, жаңартуларымен қоса қолданып келеді. Бұл əсіресе тұрақты баспасөзде айқын байқалуда екенін баса айтады.