АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТАҒЫ ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҮДДЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.47.1.002Кілт сөздер:
аймақтық нарық, сауда-экономикалық ынтымақтастық, экономиканы әртараптандыру, ықтимал қауіптер, тараптардың мүдделеріАннотация
Соңғы жылдары Қытай Халық Республикасы әлемдік және аймақтық нарықтардағы маңызды экономикалық аймақ мәртебесіне ие. ҚХР Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады және ҚР экономикасына басты инвесторлардың қатарына кіреді. Соңғы уақыттағы қаржы дағдарысына, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы аясында болып жатқан әлемдік экономикадағы құлдырау туралы пессимистік жаңалықтарға қарамастан, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық оң көрсеткіштерді көрсетуін жалғастыруда.
Алайда, Қытаймен қарым-қатынас туралы сөз болғанда, көбінесе экономиканы әртараптандыру және арзан ақша табу сияқты артықшылықтарға баса назар аударылатынын және ықтимал қауіптерге жеткілікті көңіл бөлінбейтінін де аңғаруымыз керек. Халықтың мүддесі – мемлекеттің мүддесі болып табылғандықтан, мұндай қарым-қатынастар барысында туындайтын халықтың бірқатар үрейлері негізсіз болып табылмайды және толықтай зерттеліп, қарастырылуды қажет етеді. Мұндай сын-қатерлердің шығу себебін анықтау үшін, әр тараптың, яғни ҚР мен ҚХР-дың жеке мүдделерін зерттеу, аталмыш мүдделердің тоғысатын нүктелерін анықтау маңызды болып табылады.
Осыған орай, зерттеудің басты мақсаты ҚР мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық бойынша сұрақтарды екі мемлекеттің мүдделерін де ескере отырып зерттеу болып табылады. Мақсатқа жету үшін зерттеу барысында келесі міндеттер: Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының қазіргі жағдайын бағалау; ынтымақтастықтағы әр мемлекеттің жеке мүдделерін анықтау; мұндай байланыстарды дамытуға бағытталған нақты жобаларды зерттеп, олардың әр тарап мүдделерін қаншалықты қанағаттандырып жатқанын бағалау; Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарында туындайтын ҚР және ҚХР алдындағы тәуекелдерді анықтау міндеттері орындалды. Зерттеу нәтижесінде Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы, сөзсіз, болуы тиіс, бірақ Қазақстан Республикасының жеке мүдделеріне және халықтың мүдделеріне көбірек көңіл бөлуіміз керек деген қорытынды жасалды