ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ МЕНЕДЖМЕНТ ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ

Автор(лар)

  • К.Ш Байсултанова 1Ф. ғ.к., профессор, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ
  • М. Мусатаева 22 курс магистранты, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.48.2.003

Кілт сөздер:

ұлттық мәдениет, менеджмент, басқару стилі, корпоративтік мәдениет, кісілік, индивидуализм, дәстүрлі мәдениеті, бизнес

Аннотация

 

Мақалада ұлттық мәдениеттің менеджменттің дамуына әсері қарастырылған. Автор әрбір ұлттың өзіндік ерекше мінез-құлық және тұлғааралық жеке мінез-құлық ерекшеліктері бар, бұл ұлттық мәдениетке де байланысты деген тұжырымға келеді. Теориялық шолу, салыстырмалы әдіс, сипаттамалық зерттеу түрі сияқты әртүрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, автор мәдениет тақырыбын, оның ерекшеліктерін тереңірек ашады. Жұмыста мәдениеттің әсері тақырыбына әртүрлі шетелдік зерттеушілердің көзқарастары берілген. Олардың ішінде ұлттық мәдениет тұрғысынан елдер арасындағы басқару жүйесіндегі айырмашылықтарды анықтау тәсілін құрудың негізін қалаушы голланд ғалымы Г.Хофстеде мен американдық ғалым Э.Шейнді атауға болады. Автор Г.Хофстедтің зерттеулері бойынша мәдениет классификациясы тақырыбын қарастырады, оған билік қашықтық, индивидуализм-ұжымшылдық, еркектік-әйелдік және белгісіздіктен аулақ болу сияқты элементтер кіреді. Әртүрлі салыстырмалы зерттеулер немістердің, мысалы, американдықтарға қарағанда басқаша басқаратынын дәлелдеді. Осылайша, ұлттық мәдениет компанияларды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері мен басқару стильдерінің пайда болуының себебі болып табылады. Әрине, әр ұлттың өзіндік ерекше мінез-құлық және тұлғааралық жеке мінез-құлық ерекшеліктері болады, бұл ұлттық мәдениетке де байланысты. Бұл процесс мінез-құлықтары кез келген ұйымның қызметінде маңызды рөл атқаратынын түсінуге көмектеседі. Талдау негізінде автор ұлттық мәдениеттің корпоративтік мәдениетке де, жалпы басқару мәдениетіне де ықпалы зор деген қорытындыға келген.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-24

Жоба

Раздел

Мақалалар