ОДАҚТАСТАРДАН «АБАЙ ҚАРСЫЛАСТАРҒА» ДЕЙІН: АРАБ-ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Автор(лар)

  • Е.С. Чукубаев *1т.ғ.к., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
  • А.Е. Ильясов 2Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 магистранты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.48.2.005

Кілт сөздер:

Таяу Шығыс, Иран, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, АҚШ, Ресей

Аннотация

Иран мен араб елдерінің текетіресі бір-біріне діни, идеологиялық және геосаяси дұшпандыққа негізделген тарихи және қазіргі әлемдегі ең ұзаққа созылған қақтығыстардың бірі. Өз дамуының ыстық және суық кезеңдерінен өткен бұл елдер арасындағы өзара қарым-қатынастар үлкен қызығушылық тудырады және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары бойынша келіссөздердің жаңаруы және ағымдағы жылғы 24 ақпанда Ресей Федерациясы іске қосқан халықаралық қатынастар жүйесінің өзгеруі аясында бүгінгі күн тәртібі үшін өзекті болып табылады.

Мақалада АҚШ-тың аймақтағы рөлінің төмендеуінен және Украина дағдарысының шиеленісуінен кейінгі араб-иран қарым-қатынастарының ретроспективті, ағымдағы бағыты мен даму перспективалары көрсетілген. Мақала мақсаты – энергетикалық сектор үшін геосаяси маңызды аймақтағы өзгерістерді  талдау. Осы мақалада қазіргі жағдайдың дамуы және елдердің сыртқы саяси бағыттарының одан әрі тенденцияларының болжамы көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-24

Жоба

Раздел

Мақалалар