ТӘЖІКСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ОНДАҒЫ БҰҰ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТІМГЕРШІЛІК РӨЛІ

Автор(лар)

  • Ж.Р. Жабина *1Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ доценті, саясаттану ғылымдарының докторы
  • Ш.А Сейтнур 2Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 2 курс магистранты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.48.2.006

Кілт сөздер:

азаматтық соғыс, Тәжікстан, БҰҰ, Қазақстан, жанжал, келіссөздер, ҰҚШҰ

Аннотация

Мақаланың мақсаты Тәжікстандағы азаматтық соғысты реттеудегі БҰҰ-ның, бақылаушы елдердің, сондай-ақ ондағы Қазақстанның бітімгершілік күштерінің қызметіне талдау жасау болып табылады. Мақалада Біріккен Ұлттар Ұйымы тәжікаралық қақтығыстарды реттеу және елге бейбітшілікке қол жеткізуге баға жетпес көмек көрсетіп қана қоймай, нақты жағдайларды шешуде болашақта өзінің қызметіне пайдалы болуы мүмкін маңызды тәжірибеге ие болғандығы жайлы баяндалады.

Авторлар мақалада мемлекеттегі ауыр жағдайды тұрақтандыру мақсатында өткен келіссөздер үрдісі мен  нәтижесі жайлы, сондай-ақ Тәжікстандағы орын алған жағдайға ұқсас жағдай ретінде Қазақстанның біршама қалаларында өткен көтерілістердің және оны реттеудегі ҰҚШҰ аймақтық ұйымының рөлін анықтайды. Мақалада авторлар Тәжікстанның соғыстан шығу тәжірибесі, ұлттық келісімге келуі және саяси тұрақтылыққа қол жеткізуі туралы талдай келе, Орталық Азия елдерінде бар саяси, әлеуметтік қарама-қайшылықтарды тек күш қолдану әдістерімен ғана шешуге ұмтылыс перспективалы емес екенін көрсетеді

Жүктеулер

Жарияланған

2022-06-24

Жоба

Раздел

Мақалалар