НАЦИСТІК ГЕРМАНИЯНЫҢ ӘСКЕРИ ТҰТҚЫНДАРҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҚОҒАМДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.48.2.011Кілт сөздер:
әскери тұтқындар, соғыс, конвенция, нацистік идеология, легион, ұлттық комитет, ұлттық қарама-қайшылықАннотация
Мақалада нацистік Германияның әскери тұтқындарға қатысты саясатында кеңес қоғамдағы ұлттық қарама-қайшылық мәселесі қаралады. Аталмыш тақырып 1939-1945 жылдары фашистік Германия, Финляндия және басқа да еуропалық елдерде, Түркістан легионында болған қазақстандық әскери тұтқындар мәселесіне қатысты зерттеу циклы негізінде жүргізілуде.
Қазақстандағы мұрағаттардан алынған және аса құпиялығы әлі де сақталған құжаттарда айғақталатын және екінші дүние жүзілік соғыстағы кеңестік тұтқындарға қатысты нацистік неміс саясатының сол кезеңдегі кеңестік қоғамда қалыптасқан ұлттар мәселесіне негізделе жүргізілгенін айқындайды. Германиядан репатриациялаған және әскери тұтқын болған бұрынғы КСРО азаматтарына қатысты құжаттарда «Түркістан ұлттық легионымен» қатар, «Абвергруппа», «Зондерлагерь», «Солтүстік Кавказ легионы», «Большевизмге қарсы күрескерлер Одағы» секілді неміс тұтқындар лагерлерінің ұлттық құрылымдарынан келгендерге қатысты істер жеткілікті. Аталмыш құжаттар мазмұны кеңестік қоғамдағы ұлттық қарама-қайшылық үрдісін және әскери тұтқындардың саяси статусына сай қолданылған нацистік Германия саясатын негіздейді