ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ҚЫТАЙДА КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРІСІН ҚОРҒАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.49.3.001Кілт сөздер:
«климаттың өзгеруі», қорғау, бағдарламалар, Қазақстан, төмен көміртекті даму, Қытай, экологиялық, өркениетАннотация
Климаттың өзгеруі мемлекеттер үшін шұғыл шешімдерді қажет ететін көптеген проблемаларды тудырады. Климаттық проблемаларды шешу әсіресе осы саладағы ресурстары мен құралдары шектеулі елдер үшін қиын. «Our World in Data» деректері бойынша Қытай көмірқышқыл газының шығарындылары бойынша көшбасшы болып табылады, жаһандық экологиялық проблемаларға да, әлемдік энергетикалық нарықтарға да айтарлықтай әсер етеді. Дегенмен, төмен көміртекті даму саясаты жағдайды өзгертуі мүмкін және Қытайдың «экологиялық өркениет» құру әрекеті айтарлықтай сәтті болуы мүмкін. Зерттеу Қытай енді өз дамуын «жасыл дамуға» және энергия қоспасындағы қазбалы отынның үлесін азайта отырып, жаңартылатын энергия көздері деп аталатындарға көшуге бағыттады деген қорытынды жасауға көмектесті. Бұл Қытайға қоршаған ортаның ластануын айтарлықтай азайтуға және экономиканың энергия сыйымдылығын азайтуға, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, Париж климаттық келісімінде көзделген міндеттемелерді орындауға, ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті жақсартуға және өзінің инновациялық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан отандық бағдарламаның кемшіліктерін анықтауда одан әрі пайдалану үшін осы мақалада Қазақстан мен Қытайдың климаттың өзгеруінен қорғау бағдарламаларын салыстырмалы талдау бойынша қорытындылар берілді. Сонымен қатар, климаттың өзгеруіне байланысты өзекті мәселелер мен олардың әсері қарастырылып, екі елдің іске асырылып жатқан бағдарламаларының тиімділігіне баға беріледі