ЖАҺАНДАНУ ЗАМАНЫНДАҒЫ ЖАПОНИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИ КӨРІНІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2022.50.4.007Кілт сөздер:
қоғам, дәстүршілдік, ұлт, Жапония, жаһандану, гири, мәдениет, менталитетАннотация
Берілген мақалада Жапон қоғамындағы әлеуметтік мәдени процестердің заман талабына сай түрленуі жазылған. Заманауи Жапон қоғамы әлемдік модернизация мен жаһандану талаптарына қарамай дәстүрлерге, өткен өмірлеріне, ежелгі ескерткіштерге үлкен мән бере отырып, ата бабадан мұра болған мінез-құлық нормалары мен мәдениеттің формаларын сақтап қалуға тырысты. Саяси ойлау жүйесінде де, жапондықтардың әлеуметтік мінез-құлқындағы дәстүрлердің өміршеңдігін қазіргі қоғамдағы әртүрлі жағдайлармен байланыстыра отырып түсіндіреді.
Бұл мақалада Жапондықтар өздерінің парызы санайтын «гири» түсінігі адамгершілік қажеттіліктің бір түрі ретінде, ол адамды кейде өз еркіне қарсы немесе өз пайдасына қарамай бір нәрсе жасауға мәжбүр ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Гири – абыройлы міндет, жақсылық пен жамандықтың абстрактілі түсініктеріне емес, белгілі бір жағдайларда тиісті әрекеттерді талап ететін адами қатынастарды қатаң түрде реттеуге негізделген