САЯСИ ТУРБУЛЕНТТІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА РЕСЕЙДІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ВЕКТОРЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2023.52.2.003Кілт сөздер:
қауіпсіздік, ҰҚШҰ, посткеңестік кеңістік, Ресей, стратегиялық серіктестік, Орталық Азия, ЕАЭО, МәскеуАннотация
Қазіргі уақытта Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысқа және оған қарсы еуроатлантикалық державалардың бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін салған санкцияларына байланысты солтүстік көршіміз посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерге, атап айтқанда Орталық Азияға қызығушылықты арттырды.
Мақаланың негізгі мақсаты – Ресейдің Орталық Азияның посткеңестік мемлекеттеріне қатысты өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және НАТО мемлекеттерінің еуразиялық кеңістіктегі күш-жігерін бейтараптандыру үшін сыртқы саяси стратегиясын анықтау.
Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы әлемдік қақтығыс жағдайында Ресей мен Орталық Азия елдерінің өзара тиімді өзара іс-қимылының аймақтарын анықтау болып табылады, өйткені үш мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан ҰҚШҰ мен ЕАЭО (Тәжікстанды қоспағанда) мүшелері бола тұра, оларға шарттық сипаттағы міндеттемелер жүктейді. Мақалада қолданылатын ғылыми зерттеудің негізгі әдістері жалпы: ғылыми-логикалық талдау, жүйелік және салыстырмалы. Әдістеме әртүрлі ішкі жүйелердегі барлық әртүрлі векторлық процестерге жан-жақты баға беруге мүмкіндік беретін халықаралық қатынастарды талдаудың жүйелік тәсіліне негізделген.