ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.55.1.007Кілт сөздер:
Иран, Қазақстан, экономика, тауар айналымы, транзиттік, сауда, экспорт, ынтымақтастық, дәлізАннотация
Мақалада Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талданды. Иран мен Қазақстанның атамыш бағытта қарым-қатынасының дамуы екі елдің ғана емес, Еуропа, Парсы шығанағы және Шығыс, Орталық Азия елдері үшін де маңызы кеңінен зерделенеді. Авторлар соңғы жылдары орын алған тауар айналымының негізгі көрсеткіштеріне назар аударады, экспорт пен импорт салаларының басым салаларына тоқталып өтеді. Екіжақты сауда қатынасы көлік-транзиттік жобалармен тығыз байланысты болғандықтан халықаралық көлік дәліздері мен логистикалық мәселелердің дамуы да қарастырылады. Жалпылама, бұл жұмыста қазіргі таңда екі елдің үкіметтері сауда-экономикалық қатынастарды нығайту және кеңейту бойынша, көлік және транзиттік әлеуетті жандандыру бойынша белсенді жұмыстардың жүргізіліп келе жатқаны көрсетілді. Еліміздің тұрақты дамуына үлес қосатын бағыттың бірі ретінде Қазақстан мен Иран өзара іс-қимыл жөніндегі экспорттық әлеуетін арттыру қызметі зерделенді. Сонымен қатар, екі ел арасындағы өзара сауданы ұлғайтудың, екі елдің Еуропаны, Парсы шығанағы елдерін, сондай-ақ Азияны байланыстыратын маңызды өңірлік хабтарға айналдырудың мүмкіндіктері аталды.
Бұл жұмыс Қазақстанның сыртқы сауда байланыстарын дамытудың перспективалық бағыты ретінде Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы соңғы он жылдан астам уақыттағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту әлеуетін зерттеуден тұрады. Бүгінде Қазақстан мен Иран сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруға, тауар айналымын одан әрі арттыруға және көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Қарастырылған кезеңде сауда көлемінің, әсіресе Қазақстаннан тауарлар экспортының көлемінің төмендеуі де орын алады, дегенмен Қазақстан тауар айналымын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауда.