ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАПОНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ БАСТАМАЛАРЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.55.1.008Кілт сөздер:
Қазақстан, Жапония, сыртқы саясат, стратегиялық инициативалар, Орталық Азия, ынтымақтастық, іскерлік міндеттемелер, саяси реформалар, заманауи тенденциялар, тарихи аспект, технологиялық хабАннотация
Аңдатпа. Аталмыш мақалада Қазақстан Республикасы мен Жапония мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың тарихи аспектілері мен саяси бастамаларының даму тенденциялары қарастырылады. Кеңес Одағы ыдырап, Орталық Азия елдерінің егемендікке қолы жеткенде, Жапон мемлекеті саяси-экономикалық байланыс орнату мақсатында маңызды саяси бастамаларды көтерді. Мәселен, «Жібек жолының аймақтық дипломатиясы», «Орталық Азия + Жапония» атты ірі саяси бағдарламасын, Орталық Азияны, Ауғанстанды және Оңтүстік – Батыс Азияны «бейбітшілік пен тұрақтылық дәлізіне» айналдыруға бағытталған негізгі бастамаларды мысалға келтірсек болады.
Мақаланың басты өзектілігі – Жапон мемлекетінің Орта Азия елдеріне қызығушылық танытуының басты себебі зерттеледі. Сонымен қатар, саяси бастамаларының трансформациясы мен экономикалық көмектің негізгі аспектілері сараланады. Қазақстанның Жапониямен ынтымақтастығын стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне көтеруге ынталы екендігі талданады. Қазақстан аймақтағы Жапондық компаниялар үшін инвестициялық және технологиялық хаб ретінде рөл атқаратыны, Қазақстан Жапондық инвесторлардың жұмысын жеңілдететін орта екендігі жан-жақты қарастырылады. Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру саясатына негізделген өнеркәсіптік сектордағы технологиялық реформаларды алға жылжытуда Жапонияның беделі зор екендігі зерттеледі.
Аталмыш тақырыпта зерттеу барысында зерттеудің кешенді теориялық әдістері салыстыру, саралау, жинақтау, жүйелеу әдістері қолданылады.