ЖАҢА ӘЛЕМДІК ТӘРТІП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚР КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2020.42.4.006Кілт сөздер:
көші-қон саясаты, миграциялық үдерістерді реттеу,, Қазақстан, оралман, репатриацияАннотация
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған уақыттан бастап көші-қон процестерін реттеу мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Қазіргі көші-қон үдерісі жаһандық тенденцияларға көбірек тәуелді, инертті болып келеді. Бұл тұрғыда ұлттық көші-қон заңнамасы мен мемлекеттік саясат жаңа ішкі және сыртқы факторларды толық ескермей келеді. Алайда, елдегі сыртқы да, ішкі де көші-қон мәселесі өзекті болып қала береді. Қазақстандағы сыртқы көші-қон сальдосының теріс екендігі алаңдаушылық туғызады. Яғни, шетелге тұрақты тұруға және жұмысқа баратындарға қарағанда елге келушілер аз.