СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨҢІРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (И. Я. СЛОВЦОВТЫҢ ЖОЛ ЖАЗБАЛАРЫ МЫСАЛЫНДА)

Автор(лар)

  • Т.В. Мармонтова Международный университет "Астана"

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2024.57.3.011

Кілт сөздер:

Солтүстік Қазақстан, Иван Словцов, жол жазбалары, тарихи география, көшпелі қоғам, әлеуметтік-экономикалық даму, әкімшілік реформалар, этномәдени ландшафт

Аннотация

Қазақстан – өз өңірлерінің феномені барынша дамыған географиялық кеңістіктердің бірі.  Халықаралық тұрғыдан алғанда, ел көрші мемлекеттерді ескере отырып, геосаяси тұрғыдан алуан түрлі елдердің бірін ұсынады. Солтүстік Қазақстан бойынша зерттеулер қазіргі заманғы жаһандық өзгерістер мен дамудың жергілікті ерекшеліктеріне қызығушылықтың артуы тұрғысынан өзектілігін арттыруда.

Мақалада Иван Яковлевич Словцовтың Солтүстік Қазақстанның XIX ғасырдың аяғындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қатысты зерттеулерінің мәні қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты Словцовтың жол жазбаларының негізінде өңірдің дамуына әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлардың әсерін талдау болып келеді. Зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері оның шығармаларының тарихи дереккөз ретіндегі құндылығын анықтау, өңірдің әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларын бағалау және осы зерттеулердің тарихи география мен әлеуметтік-экономикалық тарихты бұдан әрі зерттеуге қалай ықпал ететінін көрсету мәселелерін қамтиды. Зерттеу жұмысы Солтүстік Қазақстан өңірінің стратегиялық дамуын тарихи контексте түсіну үшін де, сондай-ақ оған бүгінгі күнгі талдау жасауы үшін де маңызды.

Зерттеу әдістемесі салыстырмалы тарихи тәсілге негізделген, сондай-ақ саяхат жазбаларын талдауды, сонымен қатар оларды басқа тарихи дереккөздермен салыстыруды қамтиды. Зерттеудің негізгі нәтижелері Словцовтың өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын қалай түпкілікті талдағанын көрсетеді, бұл қазіргі зерттеушілерге көшпелі және отырықшы қоғамдардың өмірі туралы жан-жақты түсінік алуға мүмкіндік береді.

Зерттеу көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара іс-қимылын көрсете отырып, Солтүстік Қазақстанның тарихи географиясы мен этнографиясын түсінуге елеулі үлес қосады. Зерттеу барысында қол жеткізілген деректерді жоспарлау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясатын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігі жұмыстың практикалық құндылығы боблып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар