ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ ЖАРИЯ ДИПЛОМАТИЯ МӘСЕЛЕСІ

Автор(лар)

  • Хайрулдаева А.М. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетті
  • Аманкелді Д.О. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетті
  • Батырханова Ә.Қ. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.60.2.011

Кілт сөздер:

халықаралық қатынастар, жария дипломатия, теория, халықаралық қауымдастық, мемлекеттер, ақпараттық саясат, медиа, мемлекеттік имидж

Аннотация

Бұл мақалада халықаралық қатынастар теориясындағы жария дипломатияның орны мен маңызы қарастырылады. Жария дипломатия – мемлекеттердің халықаралық аренадағы қатынастарын қалыптастыруда маңызды құрал ретінде пайдаланылады, оның негізінде ақпарат тарату, пікір алмасу және халықаралық қауымдастықты өз мақсаттары мен мүдделеріне тарту жатады. Мақалада жария дипломатияның теориялық аспектілері, оның халықаралық қатынастардағы рөлі мен тиімділігі, сондай-ақ, жаңа заман талаптарына сәйкес оның даму тенденциялары талданады. Сонымен қатар, жария дипломатияның қазіргі кезеңдегі өзектілігі мен оны пайдалану әдістері, ақпараттық технологиялар мен медианың әсері қарастырылады. Авторлар халықаралық саяси процестердегі жария дипломатияның жаңа формаларын зерттей отырып, оның жаһандық саясаттағы ықпалын, сондай-ақ, мемлекеттік имидж қалыптастырудағы маңыздылығын анықтайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles