РЕСПУБЛИКАНИЗМ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІ ТІЛДЕС РЕСПУБЛИКАЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.61.3.014Кілт сөздер:
Республика, басқару нысаны, егемендік, тәуелсіздік, Орталық Азия, Түркі тілдес Республикалары, конституция, конституциялық реформаларАннотация
Адамзат тарихында ежелгі дәуірден бастап алғашқы мемлекеттер пайда болғаннан бері оларды ұйымдастырудың белгілі бір формасының қажеттілігі туындады. Адамзат тарихының белгілі кезеңдерінде монархиялық және республикалық сипаттағы екі негізгі басқару формасы қалыптасты: Монархияның пайда болған уақыты тұрғысынан алғашқы қалыптасқан билік формасы болса, республиканың айырмашылығы басқару формасы ретінде әлемдік саяси картаның басым көпшілік елдерде көрініс тапқан. «Республика» ұғымы ғасырлар бойы ғылым саласында ең көп зерттелген тақырыптардың бірі болып табылады. Республика түсінігі ежелгі грек қала-мемлекеттерінен бастап қазіргі замануи мемлекеттерге дейінгі кезеңдерде бостандық, теңдік және демократия түсініктерімен тығыз байланысты болды.
Сондай ақ мақалада Орталық Азия Түркі Тілдес Мемлекеттерінің тәуелсіздік алған жылдардағы басқару нысаны ретінде республика ретінде жариялануы, ресрубликалық басқару формасының Конституцияларында бекітілуі, бұл республикалардағы Конституциялық реформалар және осы реформалар нәтижесінде билік өкілділіктерінің қайта бөлінуі, Поезидент құзыреті мен Парламент құзыреттеріне кезектесіп басымдылық берілгендігі және аталған елдердің мемлкеттік құрыдыиыга салыстыималы талдау жасалынады.
Мақаламызда республика тұжырымдамасының анықтамасы, республика түсінігінің қалыптасу тарихы, республикалық басқару формасының тарихы, республикалық басқару формасының түрлері және ерекшеліктері, республиканың саяси құбылыс ретінде тарихи дамуы, республикалық басқару нысанының негізгі белгілері және республикалық басқару формасының артықшылықтары мен кемшіліктерімен қатар Орталық Азия Түркі Тілдес Мемлекеттерінің тәуелсіздік алған жылдардағы мемлекеттік құрылымының қалыптасу туралы да аталып өтіледі.