ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ ГЕОСАЯСАТЫ: ЭКСПОРТТЫҚ БАҒЫТТАР, ТӘУЕКЕЛДЕР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Автор(лар)

  • Жұмақанов Ә.Е. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Исова Л.Т. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Мамашарипова Г.А. М. Әуезов Атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.012

Кілт сөздер:

мұнай-газ саласы, геосаясат, экспорттық стратегия, Каспий құбыр консорциумы (КҚК), Транскаспий дәлізі, энергетикалық қауіпсіздік, халықаралық қатынастар теориялары, инфрақұрылым, ұлттық мүдде, әртараптандыру

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының мұнай саясаты аясында жаһандық геосаяси өзгерістер мен энергетикалық қауіпсіздік арасындағы өзара байланыс сарапталады. Авторлар Қазақстан мұнайының сыртқы саясаттағы орны мен оның негізгі экспорттық бағыттарының – Каспий құбыр консорциумы (КҚК) және Транскаспий дәлізі – геосаяси, экономикалық және стратегиялық сипаттамаларына салыстырмалы талдау жүргізеді. Зерттеу барысында неореализм, неолиберализм және геосаяси редукционизм сияқты халықаралық қатынастар теориялары қолданылып, мұнай қауіпсіздігі, санкциялық тәуекелдер мен инфрақұрылымдық осалдықтар аясында Қазақстанның сыртқы саяси үдерістерден ұлттық мүдделерін қорғау стратегиялары қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада көмірсутек ресурстарын әртараптандыру, экспорттық маршруттарды икемді ету, мұнай өңдеу инфрақұрылымын жаңғырту және энергетикалық дербестікті арттыру мәселелері де кеңінен қамтылған.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-06-30

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles