ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ДИАСПОРАМЕН ЦИФРЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

Автор(лар)

  • Бокаев Б.Н. Қарағанды индустриялық университеті
  • Шайхутдинов Т.М. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Наурызбек М.Д. Зияткерлік әлеуетті зерттеу және дамыту орталығы
  • Наурызбек К.Д. «Самұрық-Энерго» АҚ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.007

Кілт сөздер:

диаспора, цифрлық платформалар, халықаралық көші-қон, сарапшылық желілер, білім алмасу, шетелдегі қауымдастықтар, диаспорамен өзара іс-қимыл, ұлттық мүдделер.

Аннотация

Мақала диаспорамен және шетелдегі қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау үшін қолданылатын цифрлық платформаларды талдауға арналған. iDiaspora, GlobalScot, Uzbekistan’s Club, OQ.gov.kz, Erulik.kz, Overseas Koreans Foundation Portal және We Are Global Irish платформаларының салыстырмалы талдауы негізінде шетелдегі отандастармен байланысты сақтаудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері цифрлық платформалардың әртүрлі функцияларды атқаратынын және кәсіби әрі сарапшылық желілерді дамыту, білім алмасу, ақпараттық қолдау көрсету және диаспорамен байланыстарды нығайту мақсатында пайдаланылатынын көрсетті. Жүргізілген талдау негізінде шетелдегі қауымдастықтармен цифрлық өзара іс-қимылдың негізгі үлгілері айқындалып, олардың әртүрлі елдердегі қолданылу ерекшеліктері ашып көрсетілді. Алынған нәтижелер диаспорамен өзара іс-қимылдың заманауи тетіктерін және мемлекеттер мен шетелдегі қауымдастықтар арасындағы тұрақты байланыстарды қолдаудағы цифрлық платформалардың рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Қаржыландыру. Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің № AP26104137 гранты шеңберінде жүзеге асырылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Қалыптасу сипаттамасы

Бокаев Б.Н., Шайхутдинов Т.М., Наурызбек М.Д., & Наурызбек К.Д. (2026). ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ДИАСПОРАМЕН ЦИФРЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ. Хабаршы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы, 65(3). https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.007

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles