ӨЗБЕКСТАН МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНЕ КӨШУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.011Кілт сөздер:
жаңартылатын энергия, энергетикалық өзгеріс, Өзбекстан, Қазақстан, көміртекке тәуелділік, энергетикалық саясат, Орталық АзияАннотация
Мақалада Өзбекстан мен Қазақстанның жаңартылатын
энергия көздеріне көшу стратегиялары салыстырылып, олардың іске асуына қалыптасқан энергетикалық жүйе, мемлекеттік институттардың
мүмкіндігі, инвестиция тарту тетіктері және инфрақұрылымның жай-
күйі қалай ықпал ететіні қарастырылады. Зерттеу саяси-құқықтық
құжаттарды, ресми статистиканы, халықаралық ұйымдардың есептерін
және рецензияланған ғылыми еңбектерді салыстыра талдауға негізделген.
Талдау екі түрлі бағыттың қалыптасқанын көрсетеді. Өзбекстан
мемлекеттік-жекешелік әріптестікке, тәуелсіз энергия өндірушілерге және
күн мен жел энергетикасын жедел дамытуға сүйенетін инвестициялық
үлгіні ұстанып отыр. Қазақстанның бағыты көмір электр станцияларына,
орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне, энергияны көп қажет ететін
өнеркәсіпке және құрылымдық өзгерістердің әлеуметтік салдарына тәуелді
болғандықтан, біртіндеп жүзеге асырылуда. Екі елдегі негізгі қиындықтар
да әртүрлі. Өзбекстанда жаңа қуаттардың іске қосылу қарқыны электр
желілерінің, тарифтік жүйенің, электр энергиясын сатып алушы ұйымның
және отандық техникалық мамандардың бейімделу мүмкіндігінен озып
кетуі ықтимал. Қазақстанда заманауи реттеу тетіктері енгізілгенімен, көмір
мен басқа да қазба отындарының үлесін нақты азайту баяу жүруі мүмкін.
Зерттеу нәтижелері орнатылған қуат пен ресми мақсаттар энергетикалық
өзгерістердің шынайы нәтижесін толық көрсете алмайтынын аңғартады.
Сондықтан бағалау кезінде жаңартылатын көздерден өндірілген нақты
электр көлемін, оның ұлттық желіге қосылу деңгейін, қазба отындарын
алмастыру ауқымын, қаржылық тұрақтылықты және әлеуметтік салдарды
қатар ескеру қажет.
Қаржыландыру: Бұл ғылыми мақала Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігінің AP26103599 «Орталық Азиядағы
су ресурстарын орнықты басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың
сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» гранты аясында дайындалды.




