ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ЕСТЕЛІК ПРИЗМАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ БІРЕГЕЙЛІК
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.008Кілт сөздер:
Тарихи жады, саяси бірегейлік, жады саясаты, Ұлы Отан соғысы, Қазақстан, ұжымдық жады, қоғамдық топтасу, саяси қауымдастықАннотация
Халықаралық тұрақсыздықтың күшеюі саяси бірегейлікті қалыптастыру мен қайта жаңғыртудың құралы ретіндегі тарихи жадтың маңызын арттыруда. Қоғамды топтастыру әлеуеті жоғары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарихи жады қазіргі заманғы жады саясаты тәжірибелерінде ерекше орын алады.
Осы мақаланың мақсаты Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадтың рөлін ескере отырып, қазіргі Қазақстандағы саяси бірегейлікті қайта жаңғырту тетіктерін анықтау. Бұл мақсатқа ұжымдық жадтың құрылымын және оны қайта жаңғырту арналарының ерекшеліктерін айқындау арқылы қол жеткізіледі. Зерттеу міндеттерін іске асырудың маңызды құралдарының бірі Еуропалық одақ елдеріндегі, Ресейдегі, Беларусьтегі және Қазақстандағы жады саясаты модельдерін салыстырмалы талдау.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы тарихи жадтың саяси бірегейлікті қайта жаңғырту тетігі ретіндегі рөлі туралы ғылыми түсініктерді дамытуымен айқындалады. Оның практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді мемлекеттік жады саясатын, білім беру бағдарламаларын және мемориалдық тәжірибелерді әзірлеу барысында пайдалану мүмкіндігімен байланысты.
Зерттеу әдіснамасы аралас әдістер стратегиясына негізделген. Ол 606 респондент қатысқан әлеуметтанулық сауалнама деректерін сандық және сапалық тұрғыдан талдауды, ашық жауаптарды тақырыптық кодтауды, сондай-ақ алынған нәтижелерді ұжымдық жады мен саяси бірегейліктің қазіргі заманғы тұжырымдамалары негізінде түсіндіруді қамтиды.
Зерттеу нәтижелері қазақстандық жастардың ұжымдық жадында қаһармандық, ұжымдық еңбек және Жеңіске қосылған ортақ үлес туралы нарративтердің басым екенін көрсетті. Аталған нарративтер саяси қауымдастықтың ортақ символдық кеңістігін қалыптастырады. Тарихи жадыны қайта жаңғыртудың негізгі арналары ретінде білім беру жүйесі, музейлер, мемориалдық тәжірибелер және бұқаралық ақпарат құралдары айқындалды.
Күнделікті қарым-қатынас тілі мен саяси бірегейлік арасында статистикалық тұрғыдан мәнді байланыстың болмауы ерекше назар аудартады. Бұл қазіргі Қазақстанда этностық және тілдік шекаралардан жоғары тұратын инклюзивті саяси бірегейлік моделінің қалыптасып келе жатқаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеу барысында саяси бірегейлікті қайта жаңғыртудың институционалдық, символдық, когнитивтік және интегративтік деңгейлерден тұратын көпдеңгейлі моделі әзірленді. Алынған нәтижелерді қоғамдық топтасу мен азаматтық бірегейлікті нығайтуға бағытталған білім беру, мемориалдық және мемлекеттік саясатты жетілдіру аясында қолдануға болады.
Қаржыландыру: Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылатын IRN AP26104221 «Жергілікті ұжымдық жадтың жергілікті қауымдастықтардың дамуына ықпалы» ғылыми жобасы шеңберінде дайындалды.




