ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУЛАРДЫ ПОЛИЦЕНТРЛІК БАСҚАРУ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ ҮШІН РЕЙН МЕН ДУНАЙ ТӘЖІРИБЕСІ

Автор(лар)

  • Апсаттарова Г.А. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Мұханов Ж.Е. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.014

Кілт сөздер:

трансшекаралық сулар, Орталық Азия, Рейн, Дунай, халықаралық ынтымақтастық, бассейндік комиссиялар, су ресурстарын басқару, институционалдық архитектура, мониторинг, өңірлік үйлестіру

Аннотация

Мақала Рейн мен Дунай бассейндеріндегі трансшекаралық су басқару тетіктерін еуропалық ұйымдық модельдерді механикалық түрде көшірмей, Орталық Азиядағы су ынтымақтастығын жетілдіру үшін қалай пайдалануға болатынын зерттейді. Теориялық негіз полицентрлік басқару тұжырымдамасын және көпдеңгейлі басқару тәсілін біріктіреді. Полицентрлік басқару бірнеше салыстырмалы дербес шешім қабылдау орталықтарының болуы, өкілеттік тердің функционалдық бөлінуі, тұрақты көлденең және тік байланыстар, ақпаратты бірлесіп өндіру және өңірлік шешімдер мен ұлттық деңгейдегі орындау арасындағы кері байланыс арқылы өлшенеді. Зерттеу институционалдық тұрғыдан жетілген, бірақ бір-бірінен ерекшеленетін екі бассейндік режимді сапалық құрылымданған салыстыруға негізделген. Тетіктердің Орталық Азияға бейімделу мүмкіндігі олардың қолданыстағы өңірлік архитектурамен үйлесімділігі, егемен өкілеттіктерді беру қажеттілігі, надұлттық құқыққа тәуелділігі және әкімшілік іске асырылуы бойынша бағаланады. Нәтижелер тұрақты сараптамалық-техникалық үйлестіру, үйлесімді мониторинг, деректералмасудың формалданған рәсімдері және өңірлік шешімдерді ұлттық орындаушылармен нақты байланыстыру ең жоғары қолданбалы әлеуетке ие екенін көрсетеді. Надұлттық нормативтік ортаға тікелей тәуелді элементтердің қолданылуы төмен. Зерттеудің ғылыми маңызы ұйымдық нысандарды салыстырудан жекелеген функциялар мен рәсімдердің институционалдық бейімделу шарттарын талдауға көшуімен айқындалады.

Қаржыландыру: Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру аясында дайындалды: AP26103599 «Орталық Азиядағы су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері».

Қаржыландыру: Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру аясында дайындалды: AP26103599 «Орталық Азиядағы су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері».

Жүктеулер

Жарияланған

2026-10-01

Қалыптасу сипаттамасы

Апсаттарова Г.А., & Мұханов Ж.Е. (2026). ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУЛАРДЫ ПОЛИЦЕНТРЛІК БАСҚАРУ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ ҮШІН РЕЙН МЕН ДУНАЙ ТӘЖІРИБЕСІ. Хабаршы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы, 65(3). https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.014

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles